Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны артты. Қаңтардың басынан бері елордада 83 067 жағдай тіркелді. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны артты. Қаңтардың басынан бері елордада 83 067 жағдай тіркелді. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаланың бас санитария дәрігері елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де шиеленісіп тұрғанын және қала "қызыл" аймақта екенін айтты.
"Қалада омикрон анықталған сәттен бастап, яғни қаңтардың басынан 7 ақпанға дейін барлығы 83 067 жағдай тіркелді. Бұл - пандемия кезіндегі жоғары айлық көрсеткіш. Бұл ретте науқастарды стационарларға жатқызу айтарлықтай қалыпты болды. Ең алдымен, вакцина салдырған тұрғындар мен ауруға шалдыққандарға, яғни иммунитеті бар адамдар көп болуы байланысты. Қазір олар бұдан оңай өтіп жатыр", - деді Сархат Бейсенова.
Бас санитария дәрігері омикрон штамының басты ерекшелігі вирус көп таралып жатқанын екенін еске салды.
"Тәулігіне 366 жағдай тіркелді, оның ішінде 270 жағдай симптоммен, 96-ы симптомсыз. Кейінгі аптада 4 409 COVID-19 жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда (13 627 жағдай) 3 есе азайды. КВИ-мен ауырғандарды барынша анықтау мақсатында қалада 24 зертхана жұмыс істейді, онда тәулігіне 11 мыңнан аса ПТР зерттеулер жүргізіледі. Биыл жыл басынан бері 282 114 зерттеу, оң 83 351, оның ішінде қайталама талдау да жүргізілді", - деді Бейсенова.
Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі бетперде режимін қатаң сақтау керек екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!