Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жолда жүру ережелерін бұзған жаяу жүргіншілерге айыппұл салып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда полиция департаментіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жолда жүру ережелерін бұзған жаяу жүргіншілерге айыппұл салып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда полиция департаментіне сілтеме жасап.
24-28 шілде аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасының аясында жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтауға және жолды кесіп өтіп жүрген жаяу жүргіншілер бойынша рейд және алдын-алу іс-шараларын жүргізілді.
Нәтижесінде бір күнде 300-ден астам жаяу жүргіншінің жол ережелерін бұзғаны анықталды. Сонымен қатар, 500 жаяу жүргіншіге профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Сонымен қатар, қоғамдық көліктің жүргізушілерімен де жұмыс өткізіліп жатыр. Олардың қатысуымен 26 жолда жүру ережелерін бұзу фактісі анықталып, шара қолданылды. Қоғамдық көліктің техникалық ахуалына жауапты 8 лауазымды адам әкімшілік жазаға тартылған.
Талдауға сүйенсек, осы жылда 6 ай ішінде 264 жол-көлік оқиғасы тіркелген, нәтижесінде 10 адам қайтыс болып, 368 адам әр түрлі деңгейде жарақат алған.