Нұр-Сұлтанда дәріні қымбат бағада сатқан 80 дәріханашы жазаланады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Нұр-Сұлтандағы полиция қызметкерлері 80-нен аса фармацевтті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтандағы полиция қызметкерлері 80-нен аса фармацевтті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, заң бұзушылықтар анықталған медициналық препараттарды сату дерегін тексеру бойынша рейдтер жүргізуді жалғастырып жатыр. Қалалық дәріханалардың кейбір қызметкерлері денсаулық сақтау министрінің дәрі-дәрмектердің шекті бағадан асырмау туралы бұйрығын елемей, сату кезінде бағаны көтеруді жалғастырып жатыр.

"Полицейлер екі дәріханада "Гроприносин" препараты қымбат бағада сатылғанын анықтады. Момышұлы көшесіндегі дәріханада жалпы құны 40 мың теңге болатын 12 қорап препарат, сонымен қатар, Жеңіс даңғылындағы дәріханада жалпы құны 25 360 теңге болатын 8 қорап препарат тәркіленді", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының мәліметінше, Жүргенов көшесіндегі дәріханада "Клексан" препараты 0,4 миллилитрі қымбат бағада сатылған. Тәркіленген дәрінің жалпы құны - 31 000 теңге. 

"33 жастағы дәріханашыға қатысты материал ҚР ӘҚБК 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді", - дейді полицейлер. 

"Жалпы рейд жұмыстары басталғалы тәртіп сақшылары медициналық препараттарды сату бойынша 120 заң бұзушылықты анықтаған. 133 адам ұсталған, оның ішінде, 80 дәріханашы, 462 дәріханаға тексеру жүргізілген", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.  

Жалпы 6 мың қорап дәрі-дәрмек, медициналық қорғаныш құралдар мен антисептик тәркіленген.

Тәркіленген препараттардың жалпы құны - 20 миллион теңге.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro