Нұр-Сұлтанда екі нысан карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда екі нысан карантинге жабылды AP Photo / Xinhua/Xiao Yijiu

Елордада "Мейірім" медициналық орталығы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінде орналасқан ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы карантинге жабылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада "Мейірім" медициналық орталығы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінде орналасқан ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы карантинге жабылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар карантинге жіберілді, оның ішінде медицина қызметкерлері де бар. Дезинфекция жүргізіліп жатыр. Пациенттерге баруға қатаң тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, қалалық штаб барлық әуе жолаушысын тексеру туралы шешім қабылдады. Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері 22 наурыздан бастап 20-дан астам рейсті қабылдады, бұл шамамен 1750 адам. 1,5 мың адам коронавирусқа тапсырған тест нәтижесін алды.

Үш жолаушының тесті оң нәтиже көрсетті. Барлық жолаушыны тексеру инфекция жұқтырған адамдардың қалаға шығуына жол бермеуге және оларға уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.

Осыған дейін елордадағы №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылған еді. 26 наурызда дәл осы ауруханада Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирустан 18 адам жазылып шықты, оның 13-і - Нұр-Сұлтан қаласында.

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 229 адамға жетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети