20 маусым 2020 12:44

Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыпты дүкендерден киім ұрлап, базарда сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полицейлер сауда үйлеріндегі бутиктерде киім ұрлады деген күдікпен жас отбасын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елордалық полицейлер сауда үйлеріндегі бутиктерде киім ұрлады деген күдікпен жас отбасын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, ерлі-зайыпты күндізгі уақытта сауда және ойын-сауық орталығының бутиктеріне кіріп, қымбат ерлер мен әйелдер киімдерін таңдап, киім өлшейтін орында арнайы құралдың көмегімен қорғаныс құрылғыларын алып тастап ұрлап жүрген. 

Ұрланған мүлікті олар базарда төмендетілген бағамен сатқан, кей заттарды өздері киген. Шығын сомасы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта 29 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы жары ұсталды. ҚР ҚК 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың астанада бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети