17 қыркүйек 2020 | 16:02

Нұр-Сұлтанда газ тарифі бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда газ тарифі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда газ тарифі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұрын газдың текше метрі 60 теңге болса, енді газдың текше метрінің бағасы 45 теңгеге дейін төмендетілген.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде газ жүргізу барысы, ұзаққа созылған нысандар құрылысы, тұрғын аудандарда жүргізіліп жатқан жұмыстар, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру ​​шаралары және қаланың дамуы туралы айтты.

Осылайша, елорда тұрғын аудандарында кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Железнодорожный тұрғын алабында 100 пайыз, Промышленный және Көктал-2 тұрғын алаптарында 95 пайыз, Көктал-1 тұрғын алабында 80 пайыз газ тарату желілері тартылған. Бұл жұмыстар Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында да жүзеге асырылады.

Аталған тұрғын аудандар халқы, сондай-ақ Агроқалашық тұрғын алабының бір бөлігі алдағы жылыту маусымында үйлерін газбен жылытады. Ол үшін тұрғындар үйлерді газға қосудың техникалық шарттарын алуға фронт-кеңселерге хабарласуы керек. Жеке сектор тұрғындары үшін әкімдік есептегіштерді тегін ұсынады.

"Елорданы газдандыру - Елбасының тарихи жобасы. "Сарыарқа" газ құбырының оңтүстік аймақтан елордаға дейін 1000 шақырымнан астам жолы тартылды. Бұл өте үлкен жұмыс, жобаға миллиардтаған қаражат құйылды, ол уақыт өте келе қайтарылуы керек. Газдандыру қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, тұрғындардың денсаулығына пайдалы әсер етеді, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетеді. Ақыр соңында, ұзақ қыс айларында бірнеше сағат сайын үйді жылытудың, көмір түсіріп, оны сақтаудың қажеті болмайды. Адамдар көміртегі тотығымен уланған жағдайлар болды.

Бұл мәселелердің барлығы шешімін табады. Газ көмірге қарағанда салыстырмалы түрде қымбат, бірақ оның артықшылығы көп, ең алдымен бұл қауіпсіз отын түрі. Сонымен қатар биыл біз ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де бірқатар қазандықтарды газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Газдандыру процесі үш кезеңге бөлінеді, кезең-кезеңімен барлық тұрғын аудандар газға қосылады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері елорданы газдандырудың маңызын атап өтті.

"Газ тартылған өңірлер тұрғындары газдандыру жеке сектор тұрғындарының өмірін қаншалықты жеңілдететінін жақсы біледі. Ауа тазарады. Қазір қалада зиянды түтінмен дем алып жатырмыз. Газдандыру зиянды заттардың атмосфераға енуін 40 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді", - дейді ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети