Нұр-Сұлтанда ХҚКО жұмыс кестесі өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ХҚКО жұмыс кестесі өзгерді © "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкіметтің" астаналық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкіметтің" астаналық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 тамыздан бастап елордадағы барлық ХҚКО дүйсенбі мен жұма күндері сағат 09.00-20.00 (үзіліссіз) аралығында жұмыс істейді. Құжаттама бөлімі (Жеке куәлік және паспорт беру) жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін істейді.

Мамандандырылған ХҚКО (авто ХҚКО) жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09.00-18.00 аралығында ашық болады, ал құжатты сағат 09.00-20.00 аралығында береді.

"Карантин кезінде ХҚКО-да қағаз арқылы қызмет көрсету алдын ала жазылу - броньдау арқылы жалғасады. egov.kz порталы, Telegram-бот EgovKzBot2.0, сондай-ақ 1414 телефон нөмірі арқылы кезекке тұруға болады. Еске салайық, жеңілдетілген терезелерден электрон қызмет тек зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және көпбалалы отбасыларға көрсетіледі. ХҚКО-да маска тағу режимі сақталады және келушілер әлеуметтік қашықтықты ұмытпаған жөн", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети