08 қаңтар 2022 16:19

Нұр-Сұлтанда жағдай толықтай бақылауда - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің өкілдері қалада жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ жедел штабына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің өкілдері қалада жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ жедел штабына сілтеме жасап.

"Елордада жағдай тұрақты, толық бақылауда. ТЖ басынан бері "102" арнасына түскен қоңыраулар саны екі есе өсті. Үш күн ішінде 9076 қоңырау түскен. Елорда тұрғындарын анықтау сипатындағы мәселелер толғандырған, мысалы қалаға кіру және шығу, ХҚКО жұмыс кестесі, банктер мен сауда орталықтарының қызметі. Полиция қызметкерлері консультативтік және психологиялық көмек көрсетіп жатыр", - деді полициядағылар.

Сондай-ақ, қалада кейінгі үш тәулікте 45 қылмыс тіркелгені хабарланды.

"Сонымен қатар, екі мыңнан аса әкімшілік құқықбұзушылық дерегі тіркелді. Екі жүргізуші мас күйде тізгінге отырғаны үшін ұсталып, сот шешімімен ПД арнайы қабылдау бөліміне жеткізілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес ТЖ режимін сақтамау мен меморгандар бекіткен талаптарды орындамғаны үшін 22 тұрғын жауапкершілікке тартылды. Кінәлілерге қатысты процестік шешімді сот шығарады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция өкілдері қала айналасында блокбекеттер қойылғанын еске салды, елордаға кіру және шығу шектелген. Қалалықтар блокбекеттерден тек күндізгі уақыттарда өте алады. Қызметкерлер азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ, автокөліктерін тексеріп жатыр.

Айта кетейік, қалада сағат түнгі 23.00-ден 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген, яғни қалада жаяу да, көлікпен де жүріп-тұруға тыйым салынған. Елорда тұрмыс-тіршілігіне қатысы бар қозғалысқа ғана рұқсат бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети