Нұр-Сұлтанда жалпы 330 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жалпы 330 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада 330 медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада 330 медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы қала бойынша медицина қызметкерлері арасында 330-ға жуық науқас тіркелген. Бұл Нұр-Сұлтандағы республикалық, қалалық, ведомстволық мекемелер. Соның ішінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медұйымдарында - 200. Медицина қызметкерлерінің тек үштен бірі коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге тартылған стационарларда", - деді Қисықова брифингте.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда COVID-19 анықталған медицина қызметкерлері арасында өлім жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети