Нұр-Cұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қалада жаңадан коронавирус тіркелген науқастар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Cұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қалада жаңадан коронавирус тіркелген науқастар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"27 наурызда Нұр-Сұлтанда 15 жаңа оқиға тіркелді, 28 наурызда - 32. Екі күн ішінде қалада 47 науқас тіркелді. Олардың 41-і COVID-19 анықталған науқастармен жақын байланыста болған. Олар мұның алдында оқшауланып, стационарда жатқан. Мониторинг барысында алты жағдай анықталды. Осы алтауының бірі эпидемиологиялық жағдай қолайсыз елден келген, ал бесеуі - бұрын жұқтырғандармен байланыста болған", - деді Кисикова.
Сәуле Қисықова екі науқас өкпені жасанды желдеткіш аппараты арқылы дем алып жатқанын хабарлады.
"Бүгінде коронавирус анықталған екі пациенттің жағдайы тұрақты ауыр, нашарлау жоқ. Олар өкпені жасанды желдеткіш аппаратында жатыр. Күн сайын дәрігерлердің мультидисциплинарлық командаларымен консилиум өткізіледі. Пациенттер хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық", - деді ол.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарың саны 204 болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!