Нұр-Сұлтанда және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында 5 ақпанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.
5 ақпанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші секундына 15-20 метр. Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні секундына 15-20 метр.
5 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі. Түркістан қаласында 5 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр желдің күшеюі күтіледі.
Шымкент қаласында 5 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр желдің күшеюі күтіледі.
5 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде секундына 15-20 метр сақталады.
5 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Қостанай қаласында 5 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі.
5 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің күші кей жерлерінде секундына 15-20 метр сақталады. Ақтөбе қаласында 5 ақпанда түнде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 16 метр сақталады.