24 мамырда жұма күні Нұр-Сұлтан тұрғыны Facebook желісіндегі парақшасында видео жариялаған, онда № 51 автобустың жүргізушісі арбаға таңылған адамды алудан бас тартып, кетіп қалған. Оқиға "Ақмешіт" аялдамасында болды.
24 мамырда жұма күні Нұр-Сұлтан тұрғыны Facebook желісіндегі парақшасында видео жариялаған, онда № 51 автобустың жүргізушісі арбаға таңылған адамды алудан бас тартып, кетіп қалған. Оқиға "Ақмешіт" аялдамасында болды.
Жазба авторы Zhaslan Kerey жарымжан адамдарды кемсітушілік әлі де барын айтып, әлеуметтік желіде шағымданды. "Астана ЛРТ" кеңесшілері жағдайды бірнеше рет түзеуге уәде берген, бірақ амал не ештеңе өзгермеді", - дейді ер адам.
28 мамырда "Астана ЛРТ" ЖШС өкілдері бұл оқиғаның мән-жайынын түсіндірді. Айтуларынша, компания өкілдері жазбаның авторынан кешірім сұрап, оның өтінішін қабылдаған. 27 мамырда таңғы уақытта жүргізуші автопарктің тәртіптік кеңесіне шақырылды.
Жүргізушінің айтуынша, ол арбадағы адамға пандусты түсірмей-ақ, автобус салонына кіргізуді ұсынған. Алайда Zhaslan Kerey бұл ұсыныстан бас тартқан.
"Кеңес барысында жүргізуші жолаушының бас тартуы орынды болғанымен келісті, өйткені әрбір азаматтың қоғамдық көлікке тең қолжетімділікке құқығы бар. Жүргізуші нұсқауға сәйкес әрекет етуі тиіс еді. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жолаушыға пандусты түсіріп, баратын аялдамасына жеткізіп, автобустан түсуіне (пандусты түсіре отырып) көмек көрсетуге міндетті. Кеңес барысында жүргізуші өз кінәсін мойындады және тәртіптік кеңестің шешімі бойынша ол жұмыстан шығарылды", - делінген хабарламада.