Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған отшашу атылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған отшашу атылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады.

Отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады.

Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сондай-ақ қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, Студенттер саябағында ардагерлер мен қала тұрғындарына арналған концерт өтеді. Мерекелік концерт сағат 14:00-ге дейін болады.

Сондай-ақ бүгін Қазақстандық ҰОС ардагерлерін еске алуға және Жеңіс күніне арналған "Жеңімпаздар. Батырларға тағзым" онлайн-акциясы Tengrinews.kz жаңалықтар порталында өтеді.

Бұдан бөлек, Жеңіс күнін мерекелеу күндері соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жараланып қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне "Отан ана" монументіне және соғыс батырлары – Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқаларлың ескерткіштеріне гүл, "Даңқ" гирляндаларын қою рәсімдері дәстүрлі түрде болады.

9 мамырда "Солдатский котелок" ертегісін көрсететін қуыршақ театрына баруға болады, ал 10 мамырда "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені Жеңіс күніне арналған "Біз Жеңістің ұрпағымыз!" атты лекцияға қосылуға шақырады.


 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети