Нұр-Сұлтанның орталығында жаппай төбелес болды. Оқиға бейнебақылау камераларымен түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 15 шілдеде сағат 16.36-да "Есіл" ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне Қабанбай батыр даңғылындағы көпірде бір топ адам төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиғаның барлық қатысушысы ұсталып, полицияға жеткізілді. Төбелесті бастаған 32, 29 және 25 жастағы ер адамдар болғаны хабарланды. Олар "Азия парк" сауда және ойын-сауық орталығының тұрағына таласып қалғаны анықталды. Осылайша жанжал көпірде төбелеске айналған.
Дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция мәліметінше, төбелеске қатысқандарға 5000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұдан бөлек "Көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасағаны" үшін жол қозғалысын бұзғандар ҚР ӘҚБК-ның 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!