09 желтоқсан 2021 | 15:49

Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігін алуға емтиханды екі мыңға жуық адамның 99-ы ғана тапсырған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қарашада мамандандырылған ХҚКО-да емтихан тапсырған екі мыңға жуық адамның 99-ы ғана өтті. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарашада мамандандырылған ХҚКО-да емтихан тапсырған екі мыңға жуық адамның 99-ы ғана өтті. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың қарашасында елордадағы мамандандырылған ХҚКО-да 1989 адам жүргізуші куәлігін алуға келген. Олардың 1003-і теория бойынша, ал 887-сі практикалық көлік жүргізу бойынша емтиханнан өте алмады. Ал екі емтиханды да тек 99 адам сәтті тапсырып, жүргізуші куәлігін алды", - деді мемлекеттік корпорация өкілі.

Айта кетейік, бұл емтихан тапсырғандардың жалпы санының 4,95 пайызы.

Ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы департаментінің директоры Марат Тұрсыновтың айтуынша, жыл басынан бері 32 мыңнан аса адам теориялық емтихан тапсыруға келген. Тестіден олардың 45 пайызы ғана өткен.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік мекемесінің төрағасы Әділ Қожихов жүргізуші куәлігін сатып алу деректері анықталғаннан кейін емтихан тапсыруға бақылау күшейтілгенін айтты.

Бүгін ХҚКО журналистерге биометриялық салыстыру жүйесі – Face ID аналогын таныстырды. Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне жаңа форматтағы тестілеу сыныбы көрсетілді, қазір әрбір тесет тапсырушының үстіне бейнекамера орнатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети