Нұр-Сұлтанда жылыжай кешені мен екі базар салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жылыжай кешені мен екі базар салынады Сурет: astana.gov.kz

Елордада құрылыс материалдарын, медициналық маскалар шығаратын кәсіпорындар, сондай-ақ жаңа медициналық мекемелер, жылыжайлар мен базарлар салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада құрылыс материалдарын, медициналық маскалар шығаратын кәсіпорындар, сондай-ақ жаңа медициналық мекемелер, жылыжайлар мен базарлар салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Қаладағы жылыжайлар мен азық-түлік базарын көбейтеміз. Бүгінгі өткен инвесткеңес жылыжай кешені мен екі базардың құрылысын қолдады. Атқарылып жатқан бұл жұмыстар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар аталған кеңесте темірбетонды бұйымдар, гиперпресстелген кірпіш өндіретін зауыт құрылысына араланған ағаш өнімдері мен жарықдиодты жарықшамдар өндірісіне қолдау білдірді. Бұл материалдардың барлығы да құрылыста қолданылады. Құрылыс қарқынын ескерсек, отандық өндіріс материалдары салынып жатқан объектілердің өзіндік құнын төмендетуге көмегін тигізеді.

Сондай-ақ, бірқатар медицина мекемелері мен медициналық маска шығаратын өндірістің құрылысын қолдады. Әрбір жеке жоба - экономикаға жеке инвестиция тарту ғана емес, оған қоса жаңа жұмыс орны ашылады деген сөз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен инвесторлардың жұмыс істеуіне жайлы жағдай жасаймыз",- деп жазды Алтай Көлгінов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети