Нұр-Сұлтанда қалың қар жауып, боран соғады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда қалың қар жауып, боран соғады Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда 12-15 ақпан күндері қалың қар жауып, боран соғады. Бұл туралы Қазгидромет мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда 12-15 ақпан күндері қалың қар жауып, боран соғады. Бұл туралы Қазгидромет мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжауынша, елордада алдағы күндері қалың қар жауып, боран соғады.

12 ақпан: көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 4-6 градус аяз.

13 ақпан: көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 3-5 градус аяз.

14 ақпан: көшпелі бұлт шығып, түнде, күндіз қалың қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 1-3 градус аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети