Карантин кезінде жұмыс істеп тұрған астанадағы кафенің келушілері төбелесіп қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Карантин кезінде жұмыс істеп тұрған астанадағы кафенің келушілері төбелесіп қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
3 тамыз полицияға Қажымұқан көшесіндегі "Көкшетау" кафесінде бірнеше адам 32 жастағы клиентті ұрып-соққаны туралы хабар түскен.
"Төбелесті ұйымдастырған барлық адам ұсталды. Бұзақылық жасады деген күдікке ілінген 29 және 26 жастағы екі адам ұсталды", - делінген хабарламада.
Полицейлердің мәліметі бойынша, кафеде сол түні 30 шақты адам болған. Кафе иесі бас санитар дәрігердің түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салу туралы нормасын бұзған және ол алғаш рет болған жағдай емес.
"Бұған дейін 9 шілдеде оған 230 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған. Алайда кафе иесі одан нәтиже шығармай, ережені қайтадан бұзған. Жалдаушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жиналды және ол Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", - дейді полицейлер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!