08 шілде 2021 | 20:05

Нұр-Сұлтанда карантин күшейеді. Санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин төртінші рет күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин төртінші рет күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда сайтындағы мәліметке сәйкес, карантин қосымша шектеулер туралы қаланың мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Карантин шараларын сақтау жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Әсіресе Ashyq жобасына енгізілген нысандардың жұмысының сапасын бақылау күшейтілді.

Енді жабық жағажайлар мен аквапарктердің, оның ішінде бассейндердің; қалалық жағажайлардың, оның ішінде рұқсат етілмеген және ашық ауадағы аквапарктердің; серуендеуге арналған су көліктерінің (теплоходтар, катерлер, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және т.б.), кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады.

Түнгі клубтарға Ashyq жобасы аясында жұмыс істеуге рұқсат етілмеген. Ал енді түнгі клубтардың жұмыс істеуіне толықтай тыйым салынады. Ashyq-сыз жұмыс істейтін жазғы тамақтану орындарының жұмысы демалыс күндері тоқтатылады.

Сондай-ақ, жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустарға дезинфекция жүргізіледі.

Бұдан бөлек қоғамдық тамақтану нысандары үшін жұмыс уақыты (Ashyq жобасынсыз жұмыс істейтін) орналасқан жеріне қарамастан мейрамхана, кафе және кофеханалар жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Сондай-ақ ашық ауада (жазғы орындар) істейтін тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұртшылықты қабылдаса, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал тамақты жеткізу, өзімен бірге алып кету штаттық режимде жүреді.

Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары үшін дүйсенбі-жұма күндері мекеме ішінде 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсе, сенбі мен жексенбі күндері ғимарат ішінде жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал ашық ауада аптаның барлық күнінде 07:00-ден 00:00-ге дейінгі режим белгілеу жоспарланып отыр.

Егер мейрамханаларда/кафелерде немесе өзге де мекемелерде мерекелік іс-шаралар, жиын-тойлар өткізілсе, нысанның жұмысы бірден тоқтатылады.

Қалада карантиндік қатаң нормаларды енгізбес үшін ұжымдық иммунитет дамуы қажет. Ал ұжымдық иммунитеттің үлесі 60 пайыздан асуы тиіс. Қазіргі уақытта қалада вакцинаның бірінші компонентін 270 мыңнан астам адам алды.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети