12 наурыз 2021 14:02

Нұр-Сұлтанда карантин күшеюі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда қосымша карантин шаралары енгізілуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда қосымша карантин шаралары енгізілуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 наурызда астана "қызыл аймаққа" ауысқан болатын. Сархат Бейсенованың сөзінше, қалада коронавирусқа байланысты жағдай тұрақты емес. 

"Егер қала бес күн бойы "қызыл" аймақта болса және жағдай нашарлай бастаса, онда қосымша шаралар қабылданады. Сондықтан жағдайға қараймыз. Бүгін "қызыл" аймақта жүргенімізге үш күн болды. Егер жағдай нашарлап кетпесе, қазіргі жағдайда қаламыз", - деді Бейсенова. 

Еске салайық, Алматы "сары" және "қызыл" аймаққа өткеннен кейін карантин шарасы күшейген болатын. Енді демалыс күндері Алматыда автобус қозғалысы мен метро қызметі тоқтап, сауда орталықтары жұмыс істемейді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети