1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді 12 наурыз 2021, 12:44

Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары жабылады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 10 наурыздағы қаулысында айтылған,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары жабылады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 10 наурыздағы қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта сенбі және жексенбі күні сауда және ойын-сауық орталықтары, спорт кешендері, фитнес-орталықтар, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар қызметіне тыйым салынғаны айтылған. Ашық базарлардың сенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Бұған дейін демалыс күндері Алматыда автобус қозғалысы мен метро қызметі тоқтайтыны туралы хабарланған еді. Сондай-ақ, 13 наурызға жоспарланған адвокаттар митингіне тыйым салынды.

Жаңа қаулы Алматы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа ауысқаннан кейін жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram