29 наурыз 2021 | 17:11

Нұр-Сұлтанда карантин режимі қатаңдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда 30 наурыздан бастап қосымша карантин шектеуі енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда 30 наурыздан бастап қосымша карантин шектеуі енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова тұрғындар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің өсуі мен жоғары деңгейде сақталуына және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының "қызыл аймақта" екенін ескере отырып өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулыға қол қойды.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтарына келесі талаптарды сақтау талап етілді:

1. Бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), сондай-ақ мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;

2. Қызметі жаңартылмаған нысандарға: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға ("Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда), кинотеатрлар, кинорумдар, бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары және ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт нысанында орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салу;

3. "Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

4. Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде тағу, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Айта кетейік, астанада тұрғындарды вакцинациялау сәуірдің екінші жартысынан басталады. 

Қазақстан "қызыл" аймаққа жақындап келеді

Еске салайық, астанада коронавирус жұқтырғандар саны 30 034-ке жетті. Оның ішінде, 26 853 адам аурудан айықты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети