Нұр-Сұлтанда карантин үшінші рет күшейтіледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда карантин үшінші рет күшейтіледі

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жеті күн ішінде үшінші рет карантин күшейтілді. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жеті күн ішінде үшінші рет карантин күшейтілді. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметі бойынша, өткен тәулікте елордада коронавирус жұқтырған 800-ден аса жағдай тіркелген. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауы себепті карантин тағы да күшейтіледі. 

"Егер мейрамханаларда/кафелерде және басқа да мекемеде іс-шаралар өткізілсе, ол нысанның жұмысы тоқтатылады.

Сонымен қатар, 4 шілдеден бастап Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының (мейрамханалар, кафелер) уақыты жұмыс және демалыс күндері үй-жай ішінде сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін (жабық жерлерде), ал сыртта, яғни есік алдында жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты жұмыс және демалыс күндері сағат 7:00-ден түнгі он екіге дейін қысқарады. Сондай-ақ, жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Бұл күні автобустар дезинфекциядан өткізіледі", - делінген хабарламада.

Ashyq жобасын қолданбайтын фитнес-орталықтар (йога орталықтары, т.б.) жұмысы аптаның барлық күнінде де тоқтатылады. Ал Ashyq жобасы бойынша істейтін фитнес-орталықтар (йога орталықтары, т.б.) дүйсенбі-жұма күндері жұмыс істесе, демалыс күндері тоқтатылады.

"Қалада қатаң карантин шараларды енгізбес үшін ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Ал ұжымдық иммунитеттің үлесі 60 пайыздан асуы тиіс. Қазір қалада вакцинаның бірінші компонентін 229 мыңнан аса адам алды. Медицина қызметкерлерінің 90 пайыздан астамы, ал коммуналдық қызметкерлердің 70 пайыздан астамы коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Вакцинация ғана денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жұрттың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік сайтында.

Айта кетейік, 2 шілдеден бастап қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенованың елорда күніне арналған бұқаралық іс-шараларға тыйым салу туралы қаулысы күшіне енеді. Жабық мекемелердегі іс-шаралардың бәріне тыйым салынады.

Сондай-ақ, саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондар жұмысына тыйым салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети