10 ақпан 2021 | 15:32

Нұр-Сұлтанда "Қазақстан" спорт кешені сүрілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан" спорт кешені апатты жағдайда. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов есеп беру жиналысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан" спорт кешені апатты жағдайда. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов есеп беру жиналысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта ғимарат апатты жағдайда тұр. Сондықтан біз жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатырмыз. Биыл күрделі жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Ғимаратты толығымен бұзуға тура келуі де мүмкін", - деді Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде.

"Бірінші кезекте мамандар кешеннің қандай бөлігін алып тастап қайта жасау қажет екенін жоспарлап береді. Жобаға сәйкес жұмыс істейміз. Құрылыс биыл басталады. 2022 жылы кешенді тұрғындар қолданысына беруіміз қажет. Бұл ауданда "Қазақстан" СК тұрғындарға, әсіресе жастарға спортпен шұғылдануға және денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді", - деп уәде берді қала басшысы.

"Қазақстан" СК бассейні 2018 жылғы тамызда жөндеуге жабылған, ал спорт кешені 2019 жылғы сәуірден бастап жұмыс істемей тұр. Спорт кешенін толық техникалық тексеру нәтижесінен кейін апатты жағдайда деп таныды.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазақстан" спорт кешені "Барыс" хоккей клубының аренасы болған.

Ғимарат 2001 жылғы наурызда ашылды. 2007 жылы кешенді "Барыс" ҚХЛ-ға қатысуы үшін қайта жөндеуден өткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети