Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, тұман түседі - синоптиктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, тұман түседі - синоптиктер Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең 11 қазанда көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

11 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

11 қазанда түнде Алматы облысының батысында және күндіз шығысында батыстан жел соғады, екпіні - секундына 15-20 метр. 

11 қазанда Ақмола облысының шығыс жартысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

10-12 қазандағы болжам: Іле Алатауы, Жетісу Алатауы: күндіз 10, түнде 11 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта қатты. Оңтүстік-шығыс желі, 10 қазанда екпіні секундына 15-20 метр болады. Қырғыз Алатауы: 10-11 қазан жауын-шашын, 10 қазанда кей уақытта қатты (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, бұршақ. Оңтүстік-батыс желі, екпіні секундына 15-20 метр, кей уақытта секундына 25 метр. Талас Алатауы: 10 қазан жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети