Нұр-Сұлтанда ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
"Нұр-Сұлтанда 2 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз бұрқасын күтіледі. Батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, астаналықтарға ауа райының қолайсыздығы 112 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы да ескертіледі.
Бұған дейін қалалық полиция жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауға, өте сақ болуға және қозғалыс кезінде жылдамдық шегі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтауға кеңес берген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!