Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазгидрометтің мәліметтері бойынша, 14 мамырда күн күркіреп, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде 15-16 мамыр дейін күн суытады 1-3 градус.
Алдағы үш тәулікте солтүстік облыстарында, күндіз орталықта жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Шамамен 30 градустық ыстықтан кейін, күндізгі ауа температурасы 17-22 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, қиыр солтүстікте 8-13 градус жылыға дейін.
Ал Республиканың шығысында алдағы түнде жаңбырдың жабысқақ қарға ұласып, 0-5 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Қазақстанның қалған аймақтарында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр болуы және ауа температурасының аздаған төмендеуі мүмкін.