Нұр-Сұлтанда көлігіне "тапсырыспен кісі өлтіру" деп жазған жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда көлігіне "тапсырыспен кісі өлтіру" деп жазған жүргізуші жазаланды

Нұр-Сұлтанда "тапсырыспен кісі өлтіру" деген жазуы бар көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда "тапсырыспен кісі өлтіру" деген жазуы бар көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілерде бақылау жүргізіліп, тәртіп сақшылары көлікті бір сағат ішінде анықтағанын айтты.

"Жүргізушінің айтуынша, артқы әйнегінде "тапсырыспен кісі өлтіру" деген жазуы бар көлікті бір ай бұрын Петропавлда сатып алған. Бірақ жазуды өшірмеген. Құжаттарды тексеру кезінде 27 жастағы жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды", - деді полиция өкілі.

Құқық қорғау органдары жүргізушінің кешірім сұраған видеосын жариялады.

"Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін әрекеті және көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра тізгінге отырған жүргізуші 590-баптың 5-бөлігі "көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" және 612-баптың 2-бөлігі "көлік құралын құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның басқаруы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп толықтырды елордалық полиция департаменті өкілдері.

Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, жүргізуші жазуды сол жерде өшірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети