Нұр-Сұлтанда көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру уақытша тоқтатылды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру уақытша тоқтатылды © pixabay.com

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік қызметтерді ұсыну уақытша мүмкін емес. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК-нің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік қызметтерді ұсыну уақытша мүмкін емес. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК-нің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мамандандырылған ХҚКО-да көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы тарапынан орын алған техникалық ақауларға байланысты шектеулі екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген ҚР ІІМ ӘПК-нің парақшасында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети