1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру уақытша тоқтатылды 06 қыркүйек 2019, 12:29

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік қызметтерді ұсыну уақытша мүмкін емес. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК-нің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазылды,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© pixabay.com © pixabay.com

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік қызметтерді ұсыну уақытша мүмкін емес. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК-нің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мамандандырылған ХҚКО-да көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы тарапынан орын алған техникалық ақауларға байланысты шектеулі екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген ҚР ІІМ ӘПК-нің парақшасында. 



Join Telegram