Нұр-Сұлтанда көмірді қайдан сатып алуға болады?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда көмірді қайдан сатып алуға болады?

Астаналықтар елордада көмірдің жоқтығына шағымданды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көмір қоры уақытылы толтырылып жатқанын түсіндіріп, қатты отын сатып алуға болатын мекенжайларды берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналықтар елордада көмірдің жоқтығына шағымданды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көмір қоры уақытылы толтырылып жатқанын түсіндіріп, қатты отын сатып алуға болатын мекенжайларды берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұрсұлтан бойынша көмір сататын 14 орын бар, олар тиісті инфрақұрылыммен, тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Онда сегіз компания өз қызметін жүзеге асырады",-деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

1 маусымнан 4 қазанға дейін қалаға 80 мың тонна көмір келді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 мың тоннаға аз. 6 қазандағы жағдай бойынша көмір қоры 9 685 тоннаны құрады. Бүгін қалаға 5 мың тоннадан астам көмір келіп, 8 мың тоннаға жуығы жолда келе жатыр. Көмір қоры уақытылы толықтырылып отырады, деп сендірді әкімдік.

"Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында барлық компаниялармен тамыз айында бағаны өткен жылдың деңгейінде бекіту туралы меморандумдар жасалды:

Шұбаркөл-тоннасына 13 300 теңге;
Қаражыра-тоннасына 12 500 теңге;
Майкөбе-тоннасына 12 000 теңге", - деп түсіндірді әкімдікте.

Қаражыра кен орнының көмірін мына мекенжайлар бойынша сатып алуға болады: Герцен көшесі, 4/1, Герцен, 6/2, "Сороковая" станциясы, №85 көше, 9/1 құрылыс.

Шұбаркөл көмірі Герцен көшесі, 6 Б, Герцен, 6/2, Жұбанов көшесі, 35, Жамбыл Жабаев көшесі, 76 мекенжайлары бойынша сатылады.

Майкөбе көмірі Герцен көшесі, 6 Б, Герцен 6/2, Көктал, 28/1 мекенжайлары бойынша сатылады.

Елордадағы "Богатырь" көмір кенішінің отыны Герцен көшесі, 6/2 мекенжайында сатылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети