Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар жиналды

12 Шілде, 15:07
2
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар жиналды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтандағы Үкімет үйі алдында көпбалалы аналар жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 40-қа жуық әйел үй мәселесін шешіп беруді сұрап отыр. 

"Әрине, аймақтарға көші-қон бағдарламасы туралы естідім. Көшіп кеткендер де болды. Бірақ мұнда көшкісі келмейтіндер жиналды. Мысалы, мен басқа қалаға кетуім керек деп санамаймын", - дейді төрт баланың анасы Гүлзат. 

Көпбалалы аналармен кездесуге қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова келді. 

"Мұқтаждарға сатып алу құқығынсыз жалға үй беріледі. Кей әйелдер "Бізде бастапқы жарна бар. Екіпайыздық кредиттеуге мүмкіндік жасаңыздар" деп жатады. (...) Біз алты тізім құрдық: аз қамтылған отбасылар, көпбалалы отбасылар, "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапаталғандар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды асырап отырған аналар, 18 жастан асқан, бала кезінен мүгедек балаларға қарап отырған аналар және асыраушысынан айырылған отбасылар. Үй бойынша қай отбасы көмектің қандай түрін алатынын білу үшін қала (әкімдік - Авт.) жәрдемдесуі керек деп ойлаймын", - деді Жақыпова. 

Бақтияр Мәкен әйелдерге автобуспен әкімдікке барып, сонда әрқайсымен жеке-жеке сөйлесуді ұсынды. Жиналғандардың бір бөлігі әкім орынбасарымен баруға келісті. 

"Бізге бәрінің үй алғаны керек. Менің төрт балам бар. Бес-алты жылдан бері үй кезегінде тұрмын. Қазір "времянкада" тұрып жатырмыз. Кредитіміз миллион теңгеден асады, төлей алмай жүрміз. Төрт баламен ешкім жалға пәтер бермейді", - деді көпбалалы ана Айгүл Хабылқайыр. 

Ол 100 мың теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алатынын айтты. Отбасыға басқа қалаға көшіп, жұмыс тауып беру ұсынылған, бірақ олардың Нұр-Сұлтаннан кеткісі келмейді. 

Бұған дейін көпбалалы аналар мемлекет басшысынан үй проблемасын шешіп беруді сұраған болатын. Олар 10 пайыздық бастапқы жарнаны, жылына екіпайыздық ипокетканы алып тастап, үйді жалға емес, меншікке беруді талап еткен еді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай