ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда "Көркем Tower" тұрғын үй кешенінде болған төтенше жағдайдың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда "Көркем Tower" тұрғын үй кешенінде болған төтенше жағдайдың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2022 жылғы 28 сәуірде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде (бас мердігер Intex contract ЖШС) QY25 маркалы автомобиль краны "Көркем Tower" тұрғын үй кешенінің алтыншы қабатындағы пәтердің терезесін сындырды.
"Стройкласс-Механизация" ЖШС барлық мүдделі тараппен бірге комиссия құрды. Комиссия оқиғаның автомобиль кранының жүк көтергіш шектегіші мен жебе ұзындығының сенсоры жұмыс істемегендіктен болғанын анықтады", - делінген комитет хабарламасында.
Автокөлік кранының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, 28 сәуірде Нұр-Сұлтанда "Көркем Tower" тұрғын үй кешеніндегі үйге автокран құлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!