Нұр-Сұлтанда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда Сарыарқа даңғылындағы көпірден секірмек болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Сарыарқа даңғылындағы көпірден секірмек болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше сағат 23.46-да "102" пультіне Сарыарқа даңғылындағы көпірдің таянышында ер адам отырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция полкінің инспекторлары Жандос Тұрашев пен Жақсылық Қарабаев барды.

Онда полицейлер көпірден аяғын шығарып, секірейін деп отырған ер адамды көрді. Жағдайды бағалаған соң, инспекторлар дұрыс сөз тауып, оның назарын аудара білді. Полицейлер ер адамға жеткілікті қашықтыққа жақындағанда оны жылдам ұстап, тротуарға сүйреп шығарды, - деп хабарлады құқық қорғаушылар.

33 жастағы астаналық мас болған. Ол неге мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр. Ер адам аудандық полиция бөліміне жеткізілді, омен психологтар жұмыс істеді.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети