Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтыру дерегі күрт көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтыру дерегі күрт көбейді © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордада коронавирус  жұқтыру дерегі күрт көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордада коронавирус  жұқтыру дерегі күрт көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаладағы науқастар саны көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 2,1 есеге жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 1256,1 адамнан коронавирус анықталған. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш 604,9-ға тең.

Соңғы аптадағы науқастар саны бойынша көрсеткіш алдыңғы аптадан 1,3 есеге немесе 28,7 пайызға жоғары. Қазан айында аурудың өсу тенденциясын ескере отырып, R санының артуы қаладағы карантин шараларын жеңілдетуге мүмкіндік бермейді", - деді Пірәлиева.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Күніне 15-тен 30 адамға дейін тіркеліп жатыр дейді.

Ал Қазақстанда бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны 111 100-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети