06 сәуір 2021 12:23

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинацияға алдын ала жазылу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарды алдын ала жазылу арқылы коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарды алдын ала жазылу арқылы коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вакцинация - локдаун мен карантин шектеулері болмаған кезге, яғни қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беретін жалғыз тиімді әдіс екенін ескере отырып, халық арасында вакцинацияны бастаймыз.

Вакцинация адамдардың бір мезгілде көп жиналуын болдырмау және қала тұрғындары үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау үшін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Бұл вакциналарды медициналық мекемелер арасында біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Жасына байланысты шектеулер мен медициналық көрсеткіштерді ескере отырып, 600 мыңнан аса тұрғын вакцинациялауға жатады. Тек сәуірде Денсаулық сақтау министрлігі 280 мыңнан аса доза вакцина жеткізуді жоспарлап отыр", - деді Көлігінов Instagram-парақшасында.

Сонымен қатар, қала әкімі егу пункттерінің саны үш есеге, 36-дан 100-ге дейін өскенін жазған. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары: емханалар, отбасылық денсаулық орталықтары, дәрігерлік амбулаториялар және т. б. Вакцинация пункттері жұмысы сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін ұзарған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Вакцинацияға қалай жазылуға болады.

Вакцинаны алғысы келетіндердің бәрі өтініш қалдыра алады. Емханаға тіркелу орны бойынша алдын ала жазылу керек. Денсаулық сақтау басқармасының сайтында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының байланыс нөмірлері, мекен-жайлары көрсетілген тізім жарияланды

Екпеге жазылу Damumed мобильді қосымшасы арқылы да жүзеге асырылады. Қосымшада науқастың жеке кабинеті арқылы учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу және ескертпеде коронавирусқа қарсы екпе алғысы келетінін көрсету жеткілікті.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі жақында eGov.kz порталда вакцинациялауға орталықтандырылған өтінімдерді қабылдау жүйесі іске қосылатынын айтты. Онда "вакцинацияға жазылу" жеке батырмасы пайда болады", - деді елорда әкімі.

Оның айтуынша, аптаның соңына дейін медициналық мекемелер вакцинацияға ниет білдірушілерді тіркейді, апта соңында вакцинациялауға кіріседі.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация ерікті түрде жүргізілетінін және әр адам бас тартуға құқылы екенін хабарлаған болатын. Дегенмен, бүгінде вакцинация коронавирустан қорғанудың ең тиімді әдісі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети