11 маусым 2020 | 16:28

Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған төрт науқас туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Кеше, 10 маусымда Нұр-Сұлтанда коронавирустан төрт адамның қайтыс болғаны хабарланды. Олардың екеуі жергілікті тұрғын болса, қалған екеуі өзге өңірлерден келген. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 10 маусымда Нұр-Сұлтанда коронавирустан төрт адамның қайтыс болғаны хабарланды. Олардың екеуі жергілікті тұрғын болса, қалған екеуі өзге өңірлерден келген. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші науқас 1973 жылғы ер адам болған, ол екі апта бойы ауырған, өз бетінше емделген. Демікпе пайда болған кезде ғана стационарға келген.

"Денсаулығы нашарлауына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылды, төрт күн бойы жағдайы жақсармады, 8 маусымда қайтыс болды", - дейді басқармадағылар.

Екінші науқас 1952 жылғы ер адам, 3 маусымда жедел жәрдем бригадасы жеткізген. Жөтелген, дене қызуы жоғары болған. Өз бетінше емделген. Бес күн бойы жағдайы дұрысталмай, 8 маусымда қайтыс болған.

Үшінші науқас 1950 жылғы ер адам, Орал тұрғыны. Кардиологта есепте тұрған. 21 мамырда стационарға жеткізілген. 19 күн бойы жағдайы жақсармаған. 9 маусымда қайтыс болған.

Төртінші науқас 1961 жылғы ер адам, Алматы тұрғыны. Алматыдағы №25 қалалық емханада тіркеуде тұрған. 1 маусымда өзі стационарға келген. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған. 10 маусымда қайтыс болған.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 13558-ге жетті. Сондай-ақ, бір тәулікте COVID-19 белгілері жоқ 393 тасымалдаушы тіркелген. Вирустан айыққандар саны - 8345, қайтыс болғандар - 67.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети