Нұр-Сұлтанда көшеге Шыңғысхан ұлының есімін беру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда көшеге Шыңғысхан ұлының есімін беру ұсынылды

Мәжілісі депутаты Бахытбек Смағұл Нұр-Сұлтан қаласындағы көшелердің біріне Шыңғысханның үлкен ұлының есімін беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісі депутаты Бахытбек Смағұл Нұр-Сұлтан қаласындағы көшелердің біріне Шыңғысханның үлкен ұлының есімін беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алтын Ордағы 750 жыл толуына байланысты Нұр-Сұлтандағы басты көшелердің біріне Жошы хан есімін беруді және осы көшеде Үлкен Ұлыс ханына ескерткіш қоюды ұсынамыз. Менің ойымша, бұл біздің ұлттық рухымызды асқақтатып, мемлекеттігімізді өз азаматтарымызға ғана емес, елорданың әрбір қонағына көрсете алар едік", - деді Смағұл депутаттық сауалында. 

Сондай-ақ, мәжілісмен Қарағанды облысындағы Жошы хан мавзолейі айтып өтті. 

"Біздің елдегі Шыңғысханның және оның әулетінің жалғыз ізі. Бұл кесене әлемдік тарихты өзгерткен тұлғаға тиесілі екенін еске салатын ұлы ескерткіш салу маңызды. Шыңғысханның үлкен ұлы тарихи кешені тек Шығыс елдерінен ғана емес, бүкіл әлемнің зерттеушілері мен саяхатшыларын қызықтыратыны сөзсіз", - деді депутат. 

Жошы - Шыңғысханның бірінші әйелі Бөртеден туған тұңғыш ұлы. Орталық Азияны жаулап алуға қатысқан, Сырдарияның төменгі жағында жеке жасақ басқарған қолбасшы.

Бахытбек Смағұлдың айтуынша, қоғам өкілдері мен ғалымдар қазақ жерінде үлкен Ұлыстың (Алтын Орда) негізін қалаушы ретінде қазіргі Қазақстанда Жошы ханға құрмет көрсету мәселесін көтерген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети