Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі өскені байқалады. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, тәулігіне 150-200-ге жуық адам стационарларға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі өскені байқалады. Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, тәулігіне 150-200-ге жуық адам стационарларға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта тағы да сырқаттанушылық деңгейі өскенін байқап отырмыз. 28 маусымда таңертең инфекциялық стационарларда 1 403 пациент болды, оның ішінде коронавирус инфекциясы расталған - 1 256 адам, пневмониямен ауыратын - 147 адам. Осылайша жүктеме 70 пайыз болған. Стационарлардағы бос төсек-орын саны - 2 026, оның ішінде 2 001-і инфекция жұқтырғандарға және 25-і карантинге арналған орын. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясымен күресу үшін 14 стационар жұмыс істеп жатыр, оның ішінде 13-і инфекция жұқтырғандарға, біреуі карантин режиміне", - деді Мұратов әкімдік брифингінде
Оның айтуынша, бүгіннен бастап Ramada Plaza коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды қайта қабылдайды.
"Естеріңізде болса, былтыр жұқпалы аурулар ауруханасына бейімделген бұрынғы Ramada Plaza қонақүйін жапқан едік. Енді ол қайта іске қосылды. Қазір бізге тағы да 500 төсек-орын ашуға тура келеді. Бүгіннен бастап Ramada Plaza тағы да науқастарды қабылдайды", - деді Тимур Мұратов.
Санитария дәрігерлерінің айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын көбейіп барады.
"Бір тәулікте ғана инфекциялық стационарларға 150-200 адам түсе бастады. Ашылған 2 001 инфекциялық төсектің тек 598-і бос, оның ішінде 36 реанимациялық төсек", - деп толықтырды Мұратов.
Қазіргі уақытта халықтың вакцинацияға белсенділігі байқалады. Өткен апталарда күніне 1 400-2000 адам вакцина салдырған.
"Соңғы күндері тілек білдірушілер саны артып келеді. Адамдар өз денсаулығына, айналасындағы адамдардың денсаулығына саналы түрде қарай бастады. Коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылуына байланысты адамдар сақтана бастады. Соңғы тәулікте вакцина алғысы келетіндер саны 4-5 есеге артты", - деп түйіндеді Мұратов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!