Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанынан өрт шықты

Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанының астыңғы қабатында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанының астыңғы қабатында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түскен суретті редакцияға куәгерлер жіберген.

Қалалық ТЖД бұл жағдайға түсініктеме берді.

Реклама
Реклама

"21 наурызда сағат 12.42-де ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Айша бибі көшесінде түтін көрінгені туралы келіп түскен хабарламаға шықты.

Оқиға орнына келген құтқарушылар құрылыс нысанының астыңғы қабатында 50 шаршы метр алаңда материалдар жанып жатқанын анықтады", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 13.07-де сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама