Полиция қызметкерлері "Мұнар" тұрғын үй кешеніндегі лифтіде дәретке отырған әйелді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері "Мұнар" тұрғын үй кешеніндегі лифтіде дәретке отырған әйелді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция өкілдері әйел табылғанын және ол астаналық 36 жастағы тұрғын болып шыққанын хабарлады. Ұсталған әйел осы подъезде тұратын туған-туыстарына қонаққа келгенін айтыпты.
Ақпарат бойынша, әйел мас болмаған. Полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің 434-бабы "ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырды. Тәртіп бұзушыға бес АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе он тәулікке дейінгі уақытқа қамалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиға Нұр-Сұлтандағы "Мұнар" тұрғын үй кешенінде болған, бақылау камерасына әйелдің лифтіде дәрет сындырғаны түсіп қалған. Бұл видео Желі колданушыларын дүрліктірген болатын. Ол Instagram-дағы eto_astana_detka парақшасында пайда болды.