05 тамыз 2022 16:04

Нұр-Сұлтанда Мәңгілік Ел даңғылының екі учаскесі жабылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда Мәңгілік Ел даңғылының екі учаскесі жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда Мәңгілік Ел даңғылының екі учаскесі жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

"Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Мәңгілік Ел даңғылындағы жол төсемін жөндеуді бастайды.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 5-8 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылының Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады. Сонымен қатар, 8-12 тамыз аралығында Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі учаскеде даңғыл толығымен жабылады", - делінген хабарламада.

Елорда әкімдігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсінікпен қарауды сұраймыз", - делінген көлік басқармасы хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети