14 мамыр 2019 | 12:49

Нұр-Сұлтанда масамен күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда дезинсекция және дератизация жұмыстары жүргізілуде. Барлық аудандардағы аумақтарды өңдеу сәуір мен қыркүйек айларының аралығында кезең-кезеңмен жүргізіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда дезинсекция және дератизация жұмыстары жүргізілуде. Барлық аудандардағы аумақтарды өңдеу сәуір мен қыркүйек айларының аралығында кезең-кезеңмен жүргізіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Алматы ауданы

16 сәуірде ашық және жабық стацияларды өңдеу жұмыстары басталды.

Қызмет көрсететін ұйымдар көппәтерлі тұрғын үй қорының жертөле үй-жайларын өңдеу және шарттар жасасу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда таяз су қоймаларын өңдеудің 1-ші кезеңі аяқталып, 3455 гектар алаңда ашық стациялар өңделді.

Сары масалар көбейетін негізгі орындардың бірі арамшөп болып табылады. Ағымдағы жылы 80 гектар алқапта өсімдіктерді шабу жоспарланған. Дератизация жұмыстары 6987 жеке үйде жүргізіледі.

Байқоңыр ауданы

Байқоңыр ауданының аумағында дезинсекцияланатын ашық стациялардың алаңы - 2399 гектар.

16 сәуірде ашық және жабық стацияларды өңдеу жұмыстары басталды. Қызмет көрсететін ұйымдар көппәтерлі тұрғын үй қорының жертөле үй-жайларын өңдеу және шарттар жасасу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 111 ПИК-тен 104 қызмет көрсету ұйымы (95%) дератизация шартын жасасты.

Есіл ауданы

Аудан әкімдігі дезинсекция аясында ашық стацияларда, масалар мен жөкелерге қарсы таяз су қоймаларын өңдеу жұмыстарын бастады.

Есіл ауданында барлығы 8 714,45 гектар ашық стация дератизация мен дезинсекциялаудан өтуі тиіс.

Ауданда дезинсекция жөнінде 63 ПИК шарт жасалып, 41 ПИК өңделді.

Сонымен қатар, масалар көбейетін орындардың бірі арамшөптер (қамыс және т.б.) болып табылады. Осыған орай Есіл ауданында шөп шабу жұмыстары жоспарланған.

Сарыарқа ауданы

24 сәуірден 1 мамырға дейін 121,5 гектар аумақта масаның дернәсілдік нысандарынан су қоймаларын өңдеу жұмыстары жүргізілді. 8 мамырда қосымша 30 су қоймасы өңделді.

Бүгінгі таңда 12 жоспарланған алаңның 3 шаршы метрі өңделді. Олардың ішінде: Жеңіс, Бөгенбай, Республика даңғылдары және Есіл өзенінің жағалауы (Бейбітшілік, Сейфуллин, Жангелдин, Омаров, Кенесары көшелері, Абай даңғылы, ескі және жаңа алаң, "Редисон" қонақ үйі, конгресс-холл, аудандық әкімдік, қалалық әкімдік және т.б); Бөгенбай, Сарыарқа даңғылдары, Сарыбұлақ бұлағы мен Есіл өзені жағалауының бойында (Абай даңғылы, Күмісбеков, Сейфуллин, Алматы, Кубрин, Жданов, Щерс, Жамбыл көшелері, гараждар және т.б). (177,6)); "Көктал 2" тұрғын алабы (№68 мектеп аумағы, сонымен қатар Наурыз, Құсмұрын, Мойылда, Қайнар көшелері) бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети