Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Telegram-каналында Ақмола облысында коронавирус жұқтырған (26 сәуір 14:35-тегі жағдай) адамдар туралы дерек жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Telegram-каналында Ақмола облысында коронавирус жұқтырған (26 сәуір 14:35-тегі жағдай) адамдар туралы дерек жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысының Шортанды ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған - 1990 жылғы азамат Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемесінің медицина қызметкері. Ол вирусты жұқтырған адаммен жақын араласқаны үшін тұрғылықты жері бойынша үй карантинінде 16 сәуірден бастап отырған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданында КВИ жұқтырғандар статистикасы өзгерді. "Шапағат" АӘҚО бойынша жақын байланыста болған адамнан алынған талдау вирусты жұқтырғанын көрсетті. 1988 жылғы қызметкер 9 сәуірде карантиндік стационарға жатқызылған еді.
Екі жағдай бойынша да санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Науқастар Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылады.
COVID-19-ды Ақмола облысында 93 адам жұқтырған. Целиноград ауданында - 83, Аршалы ауданында және Көкшетау қаласында - төртеуден. Шортанды ауданында енді екі адам тіркелді.
БҚО-да коронавирус жұқтырған 13 адамға қатысты дерек шықты
Шортанды аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары эпидемияға қарсы шаралардың бекітілген алгоритміне сәйкес, инфекцияның одан әрі таралып кетуіне жол бермеу үшін үй ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді.
Қазіргі таңда өңірдің стационарларында 366 науқас емделіп жатыр, оның ішінде провизорлық стационарда - 172, карантиндік стационарда - 137, жұқпалы аурулар стационарларында - 57. Сондай-ақ, 580 адам үй карантині режимін сақтап отыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!