Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары бірыңғай форма киеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары бірыңғай форма киеді Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушыларына бірңғай қою көк түсті форма енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Білім басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушыларына бірңғай қою көк түсті форма енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Білім басқармасына сілтеме жасап.

"Білім саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық білім беру ұйымына оқушыларды бірыңғай қою көк түсті мектеп формасына көшіру енгізілді.

Бірыңғай мектеп формасы бекітілгеннен кейін қала мектептерінің басшылары ата-аналарды мектептік ата-аналар жиналысында форманың сәйкестігі жөніндегі талаптармен таныстырады", - делінген басқарма сайтында.

Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайды. Ең бастысы, сатып алынған форма төменде жазылған талаптарға сәйкес келуі керек.

Мектеп формасының түсі - қою көк. Мектеп формасының стилі - классика.

Ұлдарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, күнделікті киетін ақ жейде. Суық мезгілде киетін тоқылған кардиган қосылады. Ұлдарға арналған шалбар - кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратындай болу керек. Тіпті болмаса: көйлек, жилет және шалбар болса да болады.

Қыздарға арналған мектеп формасы: пиджак, жилет, белдемше, шалбар, түймелері бар тоқылған кардиган (бомбер), классикалық жейде (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка). Кең тұратын, аяқтың тобығын жауып тұратын қыздарға арналған шалбар. Белдемше ұзындығы тізеден 5 сантиметр аспауы тиіс.

Мектеп формасына түрлі діни конфессиялардың элементтерін енгізуге болмайды.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының эмблемасы, жапсырма орналастырылады. Эмблеманың эскизін мектеп сайтынан жүктеуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети