Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта жоспарланған. Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы жаңа оқу маусымы басталғанға дейін барлық білім беру ұйымы Ashyq жүйесіне қосылатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта жоспарланған. Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы жаңа оқу маусымы басталғанға дейін барлық білім беру ұйымы Ashyq жүйесіне қосылатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл оқу орындарына карантин кезінде оқу үдерісін дәстүрлі форматта жалғастыруға мүмкіндік береді", - деді департаменттегілер.
2021-2022 оқу жылында барлық сынып дәстүрлі форматта оқиды деп жоспарланған. Бұл ретте, басқарма мәліметінше, бәрі қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. "Барлық білім беру ұйымы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс істейді".
Оқу кезінде мектептерде күнделікті дезинфекция, тазалау жұмыстары жүргізіледі. Мектепке кіреберісте оқушылардың дене қызуы өлшенеді, ЖРВИ белгілері бар оқушылар оқуға жіберілмейді.
Мектепте әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек. Әр сыныпқа бір аудитория бөлінеді. Мектеп оқушыларына арналған үзіліс әртүрлі уақытқа белгіленеді. Оқу ауысыммен жүргізіледі. Балабақша сыныптары мен топтарына 25 баладан артық жіберілмейді.
Сонымен қатар, мұғалімдер мен мектеп техниктері оқу маусымы басталғанға дейін вакцинациядан өтуі тиіс. Мектептерде бұқаралық іс-шара өткізу шектеледі, олар сабақ арасында дене шынықтыру сәтін өткізеді, асханалардың жұмыс кестесі белгіленеді. Сондай-ақ, мектептерде медициналық бөлме мен оқшаулау орыны құрылады.
Министрлік ата-ана да, бала да дәстүрлі білім беру форматына оралғысы келетінін айтты.
"Бірақ қазір коронавирусқа байланысты тұрақсыздық бар. Өз тарапымыздан тәуекелдерді барынша азайтып, 1 қыркүйекке дейін мектептерді ашу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бірақ біз эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда дайын болуымыз керек. Онда онлайн оқыту форматына ауысамыз", - деді басқармадағылар.
Сондай-ақ, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық педкеңесте барлық мұғалімді коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырды.
Маусымның басында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада педагогтердің 40 пайыздан астамы екпе алғанын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!