Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысында жабық мейрамханалар, барлар мен кафелер дүйсенбі, 17 тамыздан бастап жұмыс істейтіні жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысында жабық мейрамханалар, барлар мен кафелер дүйсенбі, 17 тамыздан бастап жұмыс істейтіні жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, ғимараттың ішінде 30-дан артық емес және жазғы алаңда 30-дан артық емес орындықтардың толымдылығы бойынша шарттарды сақтап және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызумен, жұмыс күндері жұмыс кестесін 9:00-ден 23: 00-ге дейін, жеке иелік аумақтарымен тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілер үшін жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру.
Демалыс күндері қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы тек ашық ауада отыратын орын саны 30-дан аспайтындай және тамақ жеткізуге, өзі алып кетуге тыйым салумен, жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілене отырып рұқсат беру. Бұл ретте, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады", - деінген қаулыда.
Алайда ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Сондай-ақ, қоғамдық көліктер сағат 06.00-ден 22.00-ге дейін жүреді, бірақ демалыс күндері жұмыс істемейді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!