Нұр-Сұлтанда министрлік ғимаратының қаптамасы түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда министрлік ғимаратының қаптамасы түсіп қалды Фото: t.me/kozachkow

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі орналасқан Нұр-Сұлтандағы "Транспорт тауэр" ғимаратының қаптамасы түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі орналасқан Нұр-Сұлтандағы "Транспорт тауэр" ғимаратының қаптамасы түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, қатты желдің салдарынан бірнешеуі құлады. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстарды жүргізбейміз, өйткені адамдардың өміріне қауіп төндіре алмаймыз, бірақ ауа райы жақсарғанда оны түзетеміз", - деп түсіндірді ИИДМ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік Қазақстан астанасындағы 34 қабатты "Транспорт тауэр" ғимараты 2003 жылы салынған. Содан кейін ол ТМД-дағы ең биік ғимарат атанды. Құрылыс биіктігі - 155 метр, жалпы ауданы - 32 мың шаршы метрден асады.

Оның ерекше пішініне байланысты астаналықтар кешенді "оттық" деп атап кеткен. Сондай-ақ, ғимарат екі рет өртенді - 2002 және 2006 жылдары.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда дауылға байланысты ескерту жарияланды. Әуежайда рейстер кешіктіріліп, бастауыш сыныптардың сабағы тоқтатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети