Нұр-Сұлтанда Назарбаевтың ескерткіші ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Ескерткіш елордада Әлихан Бөкейхан мен Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысындағы жуырда ашылған саябақтың аумағында орналасқан.

Ескерткішті ашқан Президент жиынға қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Елорда күні қарсаңында қаланың рухани келбетін көркейте түсетін жаңа кешендер ашылатынын атап өтіп, былтыр осы игі дәстүрмен Елбасы кітапханасы музейінің бой көтергенін және оның  алдынан ашылған саябақ қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орнына айналғанын айтты.

"Сондықтан бүгін біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне орнатылған тарихи ескерткішті дәл осы жерде ашып отырмыз. Мерейлі жылда мұндай сәулет туындысының бой көтеруі - заңды құбылыс", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттіліктің негізін қалыптастыруға, еліміздің шекара шебін айқындауға, халықаралық келісімдермен біржола шегендеуге, жаһандық дағдарысты еңсеруге, халықаралық беделін нығайтуға Нұрсұлтан Назарбаевтың зор үлес қосқанын атап өтті.  

"Елбасы көптеген халықаралық бастама көтеріп, мемлекетімізді жаһандық саясаттың төріне шығарды. Оны бүкіл әлем ұлы саясаткер, тарихи тұлға ретінде біледі. Қасиетті Отанымыз - Қазақстанның бүгінгі және ертеңгі ұрпағы осындай ұлт перзентіне қарап, бой түзейді", - деді Президент. 

Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы аса қауіпті сын-қатерлер мен жаппай қираған қиын-қыстау кезеңде Елбасы халықтың өзіне деген сенімін ұялатып, ертеңгі күнге деген үміт отын жаға білгенін атап өтті. 

"Халықты ауқымды өзгерістерге талмай жетелеген Тұңғыш Президент аса жауапты өзгерістердің, ауқымды реформалардың нақты іске асырушысына және Тәуелсіздігіміздің символына айналды, - деді Мемлекет басшысы.   

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің саяси және экономикалық жетістіктерінің негізінде Елбасының бірегей бастамалары жатқанына назар аударды.

"Елбасының стратегиялық бағыты - елімізді одан әрі жаңғыртуға негізделген саясатымыздың берік негізі. Құбылмалы әлемде реформаларды табысты жүзеге асыру үшін бізге айқын идеологиялық бағдар, орнықты әрі құнды негіз қажет", - деді Президент.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мүддесіне қызмет еткен көрнекті қайраткерлерге ескерткіш қою - тарихи тұлғаларымызға шынайы құрмет көрсету деген пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro