Нұр-Сұлтанда оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда үйдің кіреберісінде оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда үйдің кіреберісінде оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық полицияға қала тұрғынынан кешкі уақытта белгісіз ер адам үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскені туралы хабарлама түскен.

"Іздестіру шараларын жүргізу барысында 20 жастағы студент ұсталды. Биылғы жылдың 18 сәуірінде жас жігіт аялдамада қызды кездестіргені анықталды. Автобуспен бірге жүріп, оның соңынан ерген. Үйінің кіреберісінде онымен таныспақ болады. Бірақ қыз қарсылық білдірген соң оны еркінен тыс қорламақ болған", - делінген хабарламада. 

Ұсталған азаматқа айналасындағыларды құрметтемеу, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзу, кәмелетке толмаған қызды қорлау дерегі бойынша ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соңғы шешімді мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қабылдайды.

Сондай-ақ, құқық бұзушының денсаулығы туралы медициналық мекемеге сұрау жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети